Анонс


Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Астанада ұлттық байқаудың қорытындысын жариялайды

Сәрсенбі, 07 Желтоқсан 2016 01:30
Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Астанада ұлттық байқаудың қорытындысын жариялайды KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жариялаған «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» ұлттық конкурсына арналған брифинг өткізеді, деп хабарлайды kazmuseumkz сайты.

«Жобаның бастау алғанына бір жыл уақыт өтті, оның соңғы сатысы болып саналатын кеңейтілген көрме Астана мен Алматыда өтеді. Конкурстың қорытындысы бойынша өтетін көрме  суретшінің шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсетіп қана қоймайды, Қазақстан Республикасының көркемдік мәдениеті мен тарихының туын ұстаушы екі музей арасын байланыстырушы буын болмақ.

Атаулы конкурс Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шаралар кезегінде  айтуға тұрарлық оқиға болады деп сенеміз және мемлекеттік құндылықтың, патриоттық сезім мен жасампаздықтың нығаюына алып келеді», - делінген хабарламада.

Көрменің ашылуы мен каталогтың таныстырылымы Астанадағы Ұлттық музейде 2016 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 16.00-де, брифингі сағат 11.00-де болады.

Көрме үш аптаға ұзартылып, одан кейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді. Оның ашылуы туралы қосымша жарияланады.

 

2598 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper