Анонс


Қазақстанның үздік музейлері белгілі болды Таңдаулы

Жексенбі, 06 Қараша 2016 03:10
Қазақстанның үздік музейлері белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлер арасында ұйымдастырылған «Ең үздік музей» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жұмысы қыркүйекте басталып екі ай бойы жалғасқан. Нәтижесінде байқауға қатысушы үміткерлер Үздік мемлекеттік музей (облыстық дәрежедегі),Үздік қорық-музей,Үздік мемлекеттік музей (аудандық (қалалық) дәрежедегі),Мемлекеттік музейдің (облыстық дәрежедегі) үздік қызметкері,Мемлекеттік қорық – музейдің үздік қызметкері,Мемлекеттік музейдің (аудандық (қалалық) дәрежедегі) үздік қызметкері номинациялары бойынша марапатталды.

«Облыстық дәрежедегі үздік мемлекеттік музей»  номинациясын ОҚО Тарихи-өлкетану музейі жеңіп алса, «Үздік қорық-музей» номинациясын ШҚО Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы иеленді. «Аудандық, қалалық дәрежедегі үздік мемлекеттік музей» номинациясы бойынша Жезқазған тарихи-археологиялық музейі жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек еліміздегі музейлердің қызметкерлері де марапатталды.  

Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік музейлер мен қорық- музейлердің және музей қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру және жетілдіру. Сонымен қатар, музей саласындағы шығармашылық және инновациялық бастамаларға қолдау көрсету.

Жеңімпаздарға дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

3776 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper