Анонс


Ұлттық музейде өтетін конференцияда шетелдегі қандастарымыз музей қорына экспонаттар тапсырады Таңдаулы

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2016 02:42
Ұлттық музейде өтетін конференцияда шетелдегі қандастарымыз музей қорына экспонаттар тапсырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте сағат 11.00-де ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне арналған «Атамұра ұрпаққа мирас» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.   

Шараны ҚР Ұлттық музейіДүниежүзі қазақтары қауымдастығы Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп  ұйымдастырып отыр. Конференцияға арнайы қонақ ретінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл және белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы шақырылып отыр.

Конференция барысында ел тәуелсіздігімен қатар Қазақ көшінің басталуының 25 жылдығына орай шетел қазақтары ата-бабамыздан қалған жәдігерлерді, бір ғасырдан аса сақталған күміс ер, алаша, кимешек және қолөнер бұйымдарын Ұлттық музейге сыйға тартып  ұлтымыздың  этнографиялық асыл қорын молайтуға үлес қосады.

Конференция бағдарламасы:

1. Жандарбек Мәлібеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, белгілі қоғам қайраткері.

«Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздері және ұлттық өнер иірімдері»

2.  Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор.

«Шешендік өнер – қазақтың рухани қаруы»

3. Азат Кәрім,  кәсіпкер.

«Елге оралған қандастардың Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі»

4. Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

«Қазақтың қару-жарағы мен әскери өнері»

5. Қарылғаш Бекпатшақызы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласы бойынша жетекшісі, «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

«Елге ат басын бұрған қазақ көшінің қазіргі жайы»

6.  Тоғайбай Нұрмұратұлы журналист, қазақ қолөнерін зерттеуші.

«Бабамның кәсібі – менің нәсібім»

7. Бекжан Әбдуәлиұлы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры.

«Тәуелсіздік тағлымы және қазақ ономастикасы»

8. Ауыт Мұқибек, ақын, көсемсөзші.

«Қазіргі қазақ көші мен қонысының құқықтық-нормативтік қорғалуы»

9. Асылхан Бекенов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

«Қазақ халқының ұлттық жәдігерлері» (экспедиция материалдары негізінде)

10. Ұлзира Мәлікқызы, қолөнер шебері.

«Қазақтың байырғы кілем тоқу өнері»

11. Әбдәнбек Мамырбекұлы, қолөнер шебері.

«Қару-жарақ, сүйек, ойма өнерінің сырлары»

12. Ділнұр Самалбекқызы,  қолөнер шебері.

«Қазақтың байырғы кесте тігу өнері».

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі міндетті әрі өздерімен бірге әкелетін техникалардың (камера, фотоаппарат) тізімін, маркасын көрсетуі тиіс!

Аккредитациядан өту 22 қыркүйек күнгі сағат 18:00-ге дейін

+7  701 666 72 91(Бейбіт, PR маманы)

3530 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper