Анонс


Музей мамандары біліктілік арттыру курстарынан өтті

Сейсенбі, 09 Тамыз 2016 02:54
Музей мамандары біліктілік арттыру курстарынан өтті KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мәдениет және спорт саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілікті  арттыруды жүзеге асырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Мәдениет және спорт саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты мәдениет мекемелерінің 18  қызметкері Санкт-Петербургтегі Этнографиялық музейде, Ресей қолданбалы өнер мен гуманитарлық білім беру, дизайн Институтында, Ресей өнер тарихы институтында және Галац қаласы (Румыния) Нае Леонард атындағы Галац ән театрында біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Оқыту костюмдік бутафория мен костюмдік аксессуарлар, Дж. Верди операда мастер-классі, этнографиялық материалдардан музей заттарын қалпына келтіру бағыттарында өтті.

Аталмыш тағылымдамалар мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлеріне шетелдік әріптестермен байланыс орнату мен қосымша тәжірибе алу, арнайы дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру, кәсіби деңгейлерін тереңдету және арттыру мүмкіндігін берді.

3921 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper