Анонс


Генерал де Голлдің Байқоңыр ғарыш айлағына жасаған тарихи сапары туралы конференция өтті

Дүйсенбі, 27 Маусым 2016 19:44
Генерал де Голлдің Байқоңыр ғарыш айлағына жасаған тарихи сапары туралы конференция өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Генерал де Голльдің Байқоңыр ғарыш айлағына сапарының елу жылдығына арналған Шарль де Голль қорының президенті Жак Годфрен мырзаның қатысуымен конференция өтті, деп хабарлайды KAZMUSEUM.KZ сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара Франция мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастың  25 жыл толуына арналған шағын мәдени маусымның бастамасы болып саналады.

Конференцияда сөз алған Францияның Қазақстандағы Елшісі Франсиа Этьен мырза мұндай шаралардың екі ел қарым-қатынасына оң ықпал ететінін атап өтті.

Ал Шарль де Голль қорының президенті Жакк Годфрен мырза Генерал де Голль туралы, оның қоғамдағы орыны жайлы баяндады.

«Ондаған жылдар өткеннен кейін біз еске алып отыратын өз елінің, өз мемлекетінің тарихында өшпес із қалдырған саяси қайраткерлер  енді көп те бола бермейді», – Жакк Годфрен.

Қонақтар конференция барысында Шарль де Голльдің өмірі және оның Франция президенті болғандағы қызметі туралы әңгімеледі.  Сол сияқты сөз сөйлегендер Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың серпіні, Генерал де Голлдің Қазақстанға сапарының тарихи маңызы және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың одан әрі дамуы туралы мәселелерге тоқталды.

Шараның ресми бөлімінің соңында ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Жәкен Қожахметұлы қонақтарға алғысын білдіріп, музейдің атынан шағын естелік сыйлығын тапсырды.

 Жакк Годфрен мырза Ұлттық музейдің витриналарының бірінен өзінің лайықты орнын алатын Шарль де Голль қорының ескерткіш медалін музейге сыйға тартты.

Шара Қазақстандағы Франция Елшілігі және Астана қаласының Француз Альянсы ҚР Ұлттық музейімен, Шарль де Голль қорымен және Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығымен тығыз ынтымақтастық орната отырып, сол сияқты Airbus Group, Air Astana компанияларының, Marriott отелінің және Француз институтының қолдау көрсетуімен ұйымдастырылды. 

3713 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper