Анонс


Музей қызметкерлеріне арналған конференция өтеді

Сәрсенбі, 03 Ақпан 2016 15:20
Музей қызметкерлеріне арналған конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология музейінің 80 жылдығына орай  «Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалуантүрлілікті табиғатта және коллекцияларда сақтау» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Конференцияны  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Биология музейі ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция 2016 жылғы 20-21 қазанда Алматыда өтеді.

Конференцияның жұмысының негізгі бағыттары ретінде «Биоалуантүрлілікті табиғатта және коллекцияларда сақтау жолдары», «Музейлердің оқу және тәрбие жұмыстарында алатын орны», «Музейлерде ІТ-технологиясын пайдалану» тақырыптары таңдалған.

Конференция барысында музей таксидермистері жануарлардың нақтұлыбын жасаудың шеберлік сабағын өткізеді.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН АҚПАРАТ

Тезис тақырыбы үлкен әріптермен, TimesNewRoman, 14 шрифт, MicrosoftWord текстік

редакторымен жазылған.

Авторлар туралы мәлімет. Автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ұйымның атауы,

электрондық мекен-жайы.

Тезис мәтіні 5 бетке дейін, оған ретімен нөмірленген сурет, кесте, сызба жұмыстары

кіреді, шрифт TimesNewRoman, 12. Графикалық материалдар жеке файлмен 300 dpi

көлемінде *jpg форматында жіберілу керек. Суретте және сызбада тақырыбы қойылу

керек. Жоларалық интервал бірлік. Әдебиеттердің сілтемелері квадрат жақшасында [1, 2]

тексте кездесу қатары арқылу жазылу керек.

Конференция ______________жұмысына қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне 2016 жылдың 15 наурызына дейін тіркеу картасын толтырып, мына поштаға жіберу қажет: Zhardamalieva.anar@mail.ru

ТІРКЕУ КАРТАСЫ

«Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалуантүрлікті табиғатта және коллекцияларда сақтау»

Фамилиясы, Аты, Тегі (толық) ____________________________________________

Ғылыми атағы, дәрежесі _________________________________________________

Қызметі _______________________________________________________________

Жұмыс орны: __________________________________________________________

Жұмыс орнының адресі ( индекспен): _____________________________________

Телефон : _____________________________________________________________

Электронды пошта: ____________________________________________________

Баяндаманың (мақала) аты: _____________________________________________

Қосалқы авторлар:_____________________________________________________

Жобаланған секциясы (тақырыбы): ______________________________________

Өтініш, міндетті түрде қалай қатысатыныңызды көрсетіңіз:

- Пленарлы мәжілісте баяндама;

- Тақырыптама немесе «дөңгелек үстөлде» баяндама;

- Тек баспа бетінде

Қонақ үй қажеттілігі (иә/жоқ) __________________________________________

Күні _______________________________

Маңызды күндер:

Қатысуға өтініш: 2016 жылдың 15 наурызына дейін;

Мақалаларды жіберу: 2016 жылдың 1 маусымына дейін;

Баяндамалардың қабылданғаны жөніндегі хабарлама 2016 жылдың 1 тамызына дейін жіберіледі.

Ұйымдастыру жарнасы: Қазақстандықтардан - 5 000 тенге, ТМД елдерінен - 15 $, алыс шетелдіктерден - 50 $, бұл жарна жариялау құнын өтеу үшін жиналады.

Байланыс үшін: Жардемалиева Анар Бақытқалиқызы

Телефондар: 8 (727)377-33-34, 377-33-36, қосымша 12-16;

Ұялы телефоны: 8 778 664 3637;

E-mail: Zhardamalieva.anar@mail.ru

 

2760 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper