Анонс


Ә.Қастеев атындағы өнер музейі суретшілер арасында конкурс жариялайды Таңдаулы

Дүйсенбі, 01 Ақпан 2016 15:30
Ә.Қастеев атындағы өнер музейі суретшілер арасында конкурс жариялайды KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде тарихи жанрдағы бейнелеу өнері туындыларына «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық конкурсының жариялануына байланысты  баспасөз конференциясы өтеді. Конкурс еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарының контексінде біртұтас мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.            

Суретшілерге Қазақстан мәдениеті мен Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихына өзінің жеке салмақты үлесін қосуына және өнердің жетекші жанрлары кескіндеме мен мүсіннің қанат жаюына ықпалын тигізуіне, келер ұрпаққа еліміздің басты көркемдік ордасында мәңгілік сақталатын, көрнекті туынды қалдыруына зор мүмкіндік туып отыр

 Конкурстың мақсаты мен міндеттері: Мемлекетіміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын көркемдік-бейнелік көріністерді зерделеу және оларды беру тәсілдері арқылы патриоттық тәрбиеге ықпал ету. Суретшілер арасында  бәсеке тудырып, бейнелеу өнері шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеріп, жетілдіру.  Әлем өнері тарихындағы маңызды жанрлардың бірі тарихи жанрдың одан әрі дамуына қозғау салу. Мұражай коллекциясын Қазақстан халқы тарихының беттерін жаңаша ашатын қондырғылы көркем туындылармен толықтыру міндетінің де маңызы аз емес.

Конкурс шартымен баспасөз конференциясында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира  Шалабаева таныстырады. Конкурс  2016 ж. 15 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмемен аяқталады.

Конференция 2016 ж. 2 ақпанда сағат 11.00-де басталады. 

3073 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper