Анонс


«Тарихи фотосуреттер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтеді Таңдаулы

Сәрсенбі, 20 Қаңтар 2016 15:45
«Тарихи фотосуреттер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде  «Тарихи фотосуреттер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтеді. Сонымен қатар осы байқауда әр номинация бойынша жеңімпаз атанған Қанат Нұртазин, Вадим Мударисов және Мақсат Шағырбаевтардың біріккен фотокөрмесі ашылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі.

«Тарихи фотосуреттер» байқауының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі. Фотографтар байқауы 2015 жылғы ақпан айы мен 30 қазан аралығында өткен болатын. Байқау «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Жеңістің 70 жылдығы», «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» және «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы» деген аталымдар бойынша өтті. Байқауға барлығы 27 фотограф өз жұмыстарын ұсынды. Мұнда кәсіби және әуесқой  фотографтардың барлығына өз бақтарын сынап көруге мүмкіндік жасалды.

Байқауға келіп түскен 300-ден астам жұмыстың ішінен жоғарыда аты аталған фотографтардың еңбектері үздік деп танылды. Әділ қазылар құрамында кәсіби фотографтар мен Ұлттық музей басшылығы өкілдері болды.

Байқаудың мақсаты – қазақ тарихының аса маңызды оқиғаларына қоғам назарын аудару, жас ұрпақты туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыру болатын. 

Марапаттау салтанаты 2016 жылғы 21 қаңтарда сағат 16:00-де басталады. 

2743 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper