Анонс


Ә.Молдағұлованың мемориалдық музейі байқау өткізеді

Сейсенбі, 17 Қараша 2015 11:17
Ә.Молдағұлованың мемориалдық музейі байқау өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық музейі ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» атты облыстық бейнебайқауын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

І  Байқау ұйымдастырушылары

- Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі                                              

ІІ Байқаудың мақсаты

- Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, өз елінің тарихын терең білуге деген ынтасын арттыра отырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыру

ІІІ Жалпы Ережелер

Бейнебайқаудың өтетін уақыты:  14 желтоқсан 2015 жыл   сағ.15.00

Өтетін орны: Ә.Молдағұлованың мемориалды музейі

Бейнебайқауға қатысуға өтініш пен бейнероликті жіберу уақыты:

 15 қараша – 5 желтоқсан аралығы                                                

ІV Байқауға қатысу шарттары

- Байқауға 18-29 жас аралығындағы әуесқой бейнеролик түсірушілер (студенттер, жұмысшылар, қызметкерлер т.б) қатыса алады.

-Байқауға қатысу туралы құжаттарды 15 қарашадан 5 желтоқсанға дейін музейдің электронды поштасына «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбына жіберу немесе бейнероликтің электронды нұсқасын (USB) жеткізу қажет.

-Бейнероликтің ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек.                                                

V Бейнебайқау талаптары

- Бейнеролик тақырыпқа, көркемдік дәрежесі мен көрсету сапасына, мазмұнына сәйкес болуы керек.

VI Бейнебайқау қорытындысы мен марапаттау

1.Бейнебайқау нәтижесін облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы      өкілі, кәсіпқой бейнематериал түсіруші және музей қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы бағалайды.

 2.Үздік бейнеролик авторларына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.

3.Жеңімпаздарды марапаттау 2015 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 16.00-де     Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде өткізіледі.

Ұйымдастырушының мекен-жайы:

Ақтөбе қ. 030000, Ә.Молдағұлова даңғылы, 47

«Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі»КММ

Байланыс телефондары: (7132) 52-15-98, 24-22-14 т/ф

Электронды пошта: mem_muzei @ mail.ru

 

 

 

3448 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper