Анонс


Абай қорық-музейінің 75 жылдығы өтеді (БАҒДАРЛАМА) Таңдаулы

Сәрсенбі, 04 Қараша 2015 16:26
Абай қорық-музейінің 75 жылдығы өтеді (БАҒДАРЛАМА) KAZMUSEUM.KZ -  

Семейдегі Абай «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Қазақстан тарихында тұңғыш әдеби-мемориалдық музей болып ашылған Абайдың мемлекеттік қорық-музейі қазіргі күні қазақтың ұлы тұлғалары: Абай, Шәкәрім, М.О.Әуезовтердің шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұлы ақын мұрасын сақтап келе жатқан еліміздің киелі қара шаңырағы. Ендеше, мұражайдың мерейтойы қазақ мәдениетінің тойы екені шүбәсіз.

Абайдың мемлекеттік қорық-музейі мерейтойына арналған шаралар легі 9-14 қараша аралығына жоспарланған:

                                                                9 қараша

11-00. «Абай музейінің ғылыми-қор жұмыстары». Экспресс-лекция. (Абай музейінің конференц-залында).

15-00. «Абай қорық-музейінің баспа жұмыстары». Экспресс-лекция. (Абай мұражайының конференц-залында).

 

                                                             10 қараша

10-00. «Абай музейінің тарихы». Танымдық мәдени шара. (№ 47 орта мектепте).

 

                                                             11 қараша

15-00. Музей жанынан ашылған «Өлең – сөздің патшасы...» атты мәнерлеп оқу мектебінің шеберлік сыныбы. (Абай музейінің конференц-залында).

 

12 қараша

Ашық есік күні

Музей экспозицияларымен таныстыру:

11-00, 12-00, 15-00, 16-00. Бас музей (Ленин көшесі 12 үй)

11-00, 12-00, 15-00, 16-00. «Алаш арыстары- М.О.Әуезов» бөлімі (Бөгенбай батыр көшесі 132 үй).

11-00, 12-00, 15-00, 16-00. Абай оқыған Ахмет Риза медресесі (Интернациональная көшесі, 29 үй)

15-00.  «Музей және мұрағат – тарих қазынасы» атты Семей қаласы Қазіргі заман құжаттандыру орталығындағы Абай музейіне қатысты архив құжаттары тізбесінің таныстырылымы. (Қазіргі заман құжаттандыру орталығы ғимаратында, Абай көшесі, 84 үй)

 

13 қараша

10-00 – 10-30. «Абай музейі-руханият ордасы» атты көрменің ашылу салтанаты. (Абай музейінің көрме залы)

10-30 – 12-30. «Ұлылар өнегесі және музейтану» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі. (Абай музейінің мәжіліс залы)

15-00 – 17-00. Салтанатты жиналыс және мерекелік концерт. (Абай атындағы драма театрында). 

Абай музейінің мерейтойлық шараларына Мәскеу, Омбы және еліміздің әр тарабындағы музей қызметкерлері, әдебиеттанушы, тарихшы ғалымдар келеді.

 

«Ұлылар өнегесі және музейтану» конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Ұлылар өнегесі және музейтану;
  2. Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  3. Қор сақтау жұмысының ерекшеліктері мен мәселелері;
  4. Қазіргі кезеңдегі музейлердегі экспозициялық-көрме жұмыстары;
  5. Мектеп бағдарламасы және музей.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Мекен-жайы: Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29 үй,

Абай музейінің мәжіліс залы

Байланыс телефондары: 8-7222-52-17-21 қабылдау бөлмесі

8-7222-52-43-57 ұйымдастыру комитеті

e-mail: abai-museum@mail.ru

 

3217 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper