Анонс


Елордалық музей қызметкерлерінің жалақысы көбейеді Таңдаулы

Сәрсенбі, 10 Тамыз 2022 15:10
Елордалық музей қызметкерлерінің жалақысы көбейеді KAZMUSEUM.KZ -  

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік, мәдениет, спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандарының жалақысы көтерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, музейлер), спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандарының жалақысы көтерілді. Осылайша елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды.

Мәселен әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және т.б. орындарда жұмыс істейтін, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30%-дан 50%-ға дейін көбейді. Осыған байланысты бірнеше мысал келтіріп өтейін:

- «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1,5 есе өсті;
- Кітапханашылардың жалақысы 30%-дан аса («Орталық кітапхана жүйесі» КММ), суретшілердің жалақысы 50%-ға өсті;
- Жергілікті полиция қызметінің жалақысы 30%-ға дейін көтерілді, азаматтық қызметкерлер (С, D санаттары және разрядтаушылар) 1,8 есе өсті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған дейін медицина қызметкерлерінің, педагогтардың, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын. Осы бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

1642 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper