Анонс


Музей ісінің мамандары «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды

Жексенбі, 22 Мамыр 2022 00:18
Музей ісінің мамандары «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы атағымен музей ісі бойынша төменде аталған азаматтар марапатталды (Жарлықтан үзінді):

Көбжанова Светлана Жұмасұлтанқызы - «Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директорының орынбасары, Алматы қаласы;

Қапалбеков Нағашыбек - «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;

Мұқажанова Күлжазира Жұмаділқызы - «Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы;

Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы   – «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК директоры, Шығыс Қазақстан облысы;

Танабаева Сара Есқайырқызы - еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысы.

1901 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper