Анонс


Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды музейіне экскурсия (ВИДЕО)

Сенбі, 04 Сәуір 2020 18:31
Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды музейіне экскурсия (ВИДЕО) KAZMUSEUM.KZ -  

Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды музейі – Алматы облысындағы танымал мемориалдық музейлердің қатарына жатады. Назарларыңызға аталған музей туралы видео-экскурсия ұсынамыз.

Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Жетісу облысы Верный уезінде Ұзынағаш болысында (қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Сүйінбай ауылында) туған. Ақын есімімен ауылдар, мектеп, Алматы облысындағы филармония аталған, туған жерінде кесене салынып, оның алдына мүсіні орнатылды және Сүйінбай музейі ашылды, Талдықорғанда ақынның қола ескерткіші тұрғызылды. Алматыда қаладан әуежайға шығатын үлкен даңғылға оның есімі берілген, Жамбыл атындағы филармония алдында ескерткіші орнатылған.

4588 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper