Анонс


Ұлттық музейге директор тағайындалды

Жұма, 05 Сәуір 2019 18:17
Ұлттық музейге директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  
Бүгін ҚР Ұлттық музейіне жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Алмаз Шәйкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды.

Айта өтейік, А.Ш. Нұразхан Абрамцев көркемдік-өндірістік училищесінің түлегі, Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Әр жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ұстаз, республикалық «Алтын және бағалы металдар Музейінде», «Астана» Ұлттық сурет галереясында директор болып қызметтер атқарған.  2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері Департаментінің директоры болды. 2018 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы. Педагогика ғылымдарының кандидаты.  «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.

Kazmuseum.kz қорының атынан Алмаз Шәйкенұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз! 
 
3300 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper