Анонс


Шығыс Қазақстанда жаңа музей ашылды

Жұма, 07 Қыркүйек 2018 02:46
Шығыс Қазақстанда жаңа музей ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Берелдегі №11 қорғанның аумағында ашық аспан астында музей ашылды. Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей – қорығы жүзеге асырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Берел қорғандары – Қазақстандағы сақ дәуірі кезеңінің органикалық заттары сақталған жалғыз тарихи ескерткіш. Қорым б.з.б. V-IV ғасырларда салынған. Берел қорымы Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, таулы аңғарда орналасқан. Қорымның құрамында 100-ден астам оба бар.

Өткен ғасырдың аяғындағы археологтар ашқан әлемдік деңгейдегі үлкен жаңалықтардың бірі – осы Алтайдағы Берел қорғандары. Берел қорғандарынан табылған археологиялық ескерткіштер, шын мәніндегі, әлемдік үлкен жаңалық, айтулы ғылыми табыс ретінде бағаланды.

Берел қорғандарының аумағында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы  аясында 2008 жылы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей – қорығы құрылған болатын.

2875 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper