Анонс


Астанада жаңа музей ашылды

Сейсенбі, 10 Шілде 2018 03:15
Астанада жаңа музей ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы музейінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Музейді салтанатты ашу құрметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова мен Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Динара Жусипалиқызы Нукетаеваға ұсынылды.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров, «Астана балет» театрының директоры Валерий Альбекович Кузембаев, «Қазақстан» ОКЗ директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры міндетін атқарушы Леонид Владимирович Кочетов, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Досымғалиұлы Теменов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Каукенқызы Шаукенова қатысты.

Экспозицияда академияның қалыптасуы мен даму тарихынан сыр шертетін архивтік құжаттардың, фото және бейне материалдардың кең спектрі ұсынылған. Құнды экспонаттар қатарында - Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қолтаңбасынан бастау алған Тілектер кітабы, Қазақстан Республикасының Президенті негізін қалаған Уақыт капсуласы, сонымен қатар республикалық және халықаралық олимпиада, байқаулар мен фестивальдар жеңімпаздарының алғашқы дипломдары бар.

Ашылу рәсімі академия білім алушылары мен педагогтарының балет залдарынан сахнаға дейінгі өмірін бейнелейтін бірегей фотосуреттер көрмесімен қызықты болды.

2571 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper