Анонс


«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы жайлы не білеміз?

Сейсенбі, 12 Маусым 2018 00:55
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы жайлы не білеміз? KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан ашылғалы облыс көлемінде мәдениет мекемелерімен етене қарым-қатынас орнатып қызу тіршілікке араласып келеді. Бүгінде Орталық өз жұмыс бағытын айқындап, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасын" негізге ала, еліміздің дамуын, мәдениет пен ғылымдағы мақтан тұтар жетістіктерін, өңірлік ерекшеліктерді танытатұғын құндылықтарды насихаттай отырып, танымдық, ағарту орталығы ретінде халыққа қызмет етуде. Тарихқа көз жүгіртсек, сонау адамзат баласы жаралғалы деп айтарлық заманнан бергі уақыттарда киелі қоныс болған Жетісу жерінің батысындағы тас дәуірінің Майбұлақ қонысымен қатар Ақтерек шатқалы, Таңбалы тас сияқты ескерткіштер өздерімен бірге қаншама терең сырды бүгіп жатыр.

Ең алдымен жергілікті халыққа қолжетімді әрі, етене жақын – мәдениет ошағы, ал жас буын үшін білім мен руханият ордасы болуды мұрат еткен Орталық елімізде қызу талқыланып жатқан қазіргі білім-ғылым, мәдениет пен өнер саласындағы түрлі тақырыптарды ой елегінен өткізуге бірден-бір себепші орта болумен қатар, Шамалған ауылындағы Ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымының ақылдастық кеңесімен бірлесе кеңесіп, танымдық-тәрбиелік жұмыстар жүргізуде де қабілетті екендігін танытып отыр.

"Атамекен" тарихи-мәдени орталығының қызметіне қызығушылық танытқан әрбір азамат ел көлемінде аталып өтетін атаулы күндермен сабақтастырылған мерекелік іс-шаралармен қатар, Елбасының балалық шағынан бастап, тұлға болып қалыптасуына дейінгі кезеңдерден мәлімет беретін құнды жәдігерлер қойылған экспозициялық 4 залды тамашалап көре алады. Орталықта музей экспонаттарын таныстырумен, мектеп оқушылары, колледж студенттерінің оқу үдерісіндегі түрлі пәндік тақырыптармен бай-ланыстырылған сабақтар өткізіліп, қоғамда қызу талқыланған латын әріптеріне бейінделген жазу графикасы бойынша тың тұжырымдар мен жаңашылдықты насихаттау қатар жүргізілуде.

Ашылғанына көп уақыт өтпесе де, бүгінгі күнге дейін "Атамекен" тарихи-мәдени орталығында атқарылған мәдени іс-шаралар бойынша, болашақта қай бағытта болсын халыққа қызмет көрсетуде, бала тәрбиесі маңызды орын алатын әсіресе, музейлік тақырыптық дәрістердің қай бағытта өрбитінін айқындайтын кеңес құзыретінде мәдениет ошақтары қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасу жөніндегі бас қосу жиындары да жиі өткізіледі.

Жыл басында халыққа арнаған жолдауында Президент: "Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде" –деген бастамашыл ойын жеткізген еді. Міне, осы орайда қызмет етіп отырған «Атамекен» орталығы дүниежүзінің төртінші өнеркәсіптік төңкеріс дәуіріне қадам басқанда халыққа рухани қызмет ететін және бала тәрбиесінде жетілдірілген оқыту жүйесін қолданатын, ғылымда әртүрлі жаңалықтарды халыққа жеткізіп отыруды мұрат етіп қойған мақсатымыз да қазіргі заман талабы.

Алайда, Орталықтың көрме залдарынмен қысқаша таныстырып өтер болсақ, бірінші залда президентіміздің мектептегі балалық шағынан бастап, еңбек жолына араласа бастаған кезеңдерден сыр шертер отбасылық суреттер мен бірқатар жәдігерлердің көшірме нұсқалары орналасқан. Аталған залдың тұтас қабырғасын Елбасының "Евразия жүрегінде" атты еңбегінің парақтарынан алынған үзінділер қойылған.

Екінші экспозициялық залда –  ел тарихының ерекше маңызға ие "Тәуелсіздік кезеңіне" арналған. Мұнда елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әйгілі "Тарих толқынында" атты еңбегінен алынған цитаталар, тәуелсіздік алған жылдардағы ең басты саяси шешімдер мен республика ауқымын қамтыған ірі-ірі шаралардан көрініс берер "Невада-Семей" антиядролық қозғалысы мен Қазақстан халықтарының ассамблея аясындағы іс-шаралардың суреттері қойылған.

Үшінші зал – еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына арналған. Осында залдың тұтас қабырғасына Елбасының "Евразия жүрегінде" еңбегінен алынған үзінділер мен бүгінгі Қазақстанның дамуын көрсететін фото мәліметтік көрме өзінше үйлесімділікте қойылған. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ауылшаруашылығы, өндіріс, медицина, спорт және оқу-білім мен ғылымдағы, ғарышты игеру саласындағы жетістіктер көрсетілген.   

Орталықтың төртінші залы нағыз заманауи талапқа сай жабдықталған орын. Залға кіргеннен сіздің еңсеңізді көтерер ашық кеңістікте, ғимараттың дәл ортасында орналасқан бас қосу жиындары мен ғылыми конференция, түрлі тақырыптағы пікір алмасуға арналған дөңгелек үстел өткізуге арналған шеңбер құрайтын үстел қойылған. Залдың сол жақ қабырғасында Елбасының ТМД елдері басшыларымен, ал оң жақ қабырғасында алыс-жақын шетел басшыларымен түскен суреттері ілінген. Аталған елдердің көшбасшыларының Н.Ә.Назарбаевқа сыйға тартқан кәде-сыйларының біршамасы да осы залда орналасқан.   

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығына келушілердің қатары күн санап артуда. Күнделікті Орталықты тамашалауға әрісі республикамыздан, берісі Шамалған ауылының тұрғындары және көршілес жатқан ауылдарға қыдырып келушілер бізге міндетті түрде келетін құтты қонақтар қатарында. Ішінара, арнайы ресми делегациялармен келетін құрметті қонақтарымыз өз алдына бір төбе. Орталықтың көрме залдарын таныстырып көрсетуден бөлек, жаңа тағайындалған Орталық меңгерушісімен бірге ғылыми қызметкерлер алуан тақырыпта мәдени-танымдық және ағартушылық шараларды да өткеруде. Алдағы уақытта түрлі мәдени іс-шаралармен көрме жұмыстары туралы ақпарттық хабарларды үзбей бөлісіп отыруды да мақсат етіп отырмыз. Біздің тыныс-тіршілігімізбен етене танысып отыру үшін фейсбук парақшасындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы деген атауды теру арқылы біздің парақшаызға тіркеліп, хабар алып отыруға мүмкіндік жасалған.

 

Аға ғылыми қызметкер А. Абу,

бас қор сақтаушы Б. Нурбекова  

4955 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper