Анонс


ОҚО-да тағы бір музей заманауи талаптарға сай жаңғыртылды

Сейсенбі, 20 Ақпан 2018 19:55
ОҚО-да тағы бір музей заманауи талаптарға сай жаңғыртылды KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі залдардағы экспозициясын жаңартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Заманауи технологияларды пайдалана отырып жасалған музей экспозициясы өлкенің ежелгі (неолит және қола) дәуірінен бастап, Отырардың күрделі де қызықты, қасіретті де даңқты екі мыңжылдық қалалық мәдениеті мен тарихынан сыр шертеді. Экспозицияда орын алған жәдігерлер, осы өңірдің ежелгі тұрғындарының рухани-материалдық, саяси-әлеуметтік өмірі туралы көрермендерге мейлінше толық мәлімет береді. Экспозиция жұмысы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелерді жүзеге асыруға, атап айтқанда, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге,  ұлттық рухты мәңгі етуге септігін тигізеді деп сенеміз», - делінген музей басшылығы таратқан ақпараттық хатта.

Жаңартылған залдарды музей ұжымы 2018 жылғы 1 наурыз күні сағат 15.00-де салтанатты түрде ашады.

2317 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper