Анонс


Орталық музей наурыз айына арналған іс-шаралар жоспарын жариялады

Жұма, 24 Ақпан 2017 12:34
Орталық музей наурыз айына арналған іс-шаралар жоспарын жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік орталық музейі 2017 жылғы наурыз айына жоспарланған бұқаралық шараларының жоспарын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

1 наурыз, сағат 15.00-де Дүниежүзілік жазушылар күніне орай қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – М.Әуезовтің 120 жылдық, Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 115 жылдық, Д.Әбілев пен Ғ.Ормановтың 110 жылдық, Ә.Шәріповтың 110 жылдық және Ә.Нұршайықов пен С.Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойлары қарсаңында «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» атты көрме ашылады.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәйшешектер гүлдегенде» Орта Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі наурыздың 4-5 күндері өтеді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі тұрақты жұмыс жасайтын экспозициялар:

•   Палеонтология және археология залы;

•   Тарихи этнографиялық  залы;

•   Қазақстан Ұлы Отан соғсы жылдарында, диаспоралар мәдениеті залы;

•   Қазіргі Қазақстан залы.

Қосымша ақылы залдар:

•   «Ашық қор – Қазақстанның Археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1300 тг.

•   «Антропология музейі» залы  - экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.

•   «Н.Г. Хлудов» залы- экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.

 

Мекен-жайы: Самал – 1 ы.а., 44 үй, т. 264-55-77, 264-46-50

Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі күні демалыс

 

Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 300 теңге, студенттер үшін 200 теңге, зейнеткерлер үшін 150 теңге,  оқушылар үшін 100 теңге, шетелдік турист қонақтар үшін 500 теңге.   

3252 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper