Анонс


Астанада жаңадан салынатын музейлердің атаулары белгілі болды

Бейсенбі, 09 Ақпан 2017 06:20
Астанада жаңадан салынатын музейлердің атаулары белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Астана қаласын туризм орталығына айналдыру мақсатында қалада жаңадан музейлер салу көзделген. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев Астананы дамыту туралы кеңестің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«...Қалада жаңадан қонақ үйлер мен вокзал, әуежай салумен қатар, музей, галерея, спорттық кешендер бой көтереді. Олардың қатарында, қазіргі заман өнері музейі, космос музейі, қару-жарақ музейі, технологиялық музей мен «Бозоқ» кешені бар. Біз негізінен эко және этнотуризмді дамытуды қолға аламыз», - деді Ә.Исекешев.

Айта өтейік, Астанада қазіргі уақытта республикалық дәрежедегі 3 музей (Ұлттық музей, Президент музейі, Әскери-тарихи музей) және қалалық дәрежедегі 2 музей (С.Сейфуллин музейі, "Атамекен" музей-кешені), ведомстволық 3 музей (ЕҰУ "Білім тарихы" музейі, Ұлттық кітапханада "Сирек кітаптар музейі", ІІМ музейі), академиялық 1 музей (Түркі академиясының музейі) мен көрме залдары, жекеменшіктегі бірнеше галерея бар. Сондай-ақ, жуық арада тағы бір музейдің (Бейбітшілік пен келісім сарайында) ресми түрде ашылуы күтілуде. Ал, қала әкімі айтқан музейлер Астананың жоспарына енгізілген. 

 

Фото: ortcom.kz 

2639 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper