Анонс


Ә.Қастеев музейі Наурыз мерекесін тойлауға шақырады (АФИША)

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 02:15
Ә.Қастеев музейі Наурыз мерекесін тойлауға шақырады (АФИША) KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Наурыз мейрамдарына арналған «Ғасырлар қойнауынан» атты кезекті  музыкалық вернисажына шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты этно-фольклорлық "Тұран" ансамблі ежелгі түркі және көне қазақ әуендерін орындайды. Концерт қазақ халқының тарихынан сыр шертетін "Бабалар аңсаған Тәуелсіздік" көрмесіне қатысушы Дәурен Қастеевтің, Мейіржан Нұрғожин, Есет Жакыпбек, Дәурен Макин және басқа да суретшілер жұмыстарының аясында өтеді.

Алдағы 2 наурызда өтетін бұл кештің жүргізушілері - Ә.Қастеев музейінің сыртқы байланыс орталығының жетекшісі Клара Исабаева және "Тұран" ансамблінің көркемдік жетекшісі Абзал Арықбаев.  

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-705-888-6562, 8-747-181-5126.

Билет бағасы – 2500 теңге. Билет құнына: 1) музейді аралау  17.00 ден 18.00; 2) кофе-брейк –  18.30; 3) концерт «Ғасырлар қойнауынан» - 19.00.

2516 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper