Анонс


Жезқазған музейіне жаңа директор тағайындалды

Бейсенбі, 19 Қаңтар 2017 02:55
Жезқазған музейіне жаңа директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрығымен Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің директоры лауазымына Раушан Оңқонысқызы Қапарова тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Раушан Оңқонысқызы 1975 жылғы 8 наурызда Жезқазған облысының Жезді кентінде дүниеге келген.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін 1998 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жезді аудандық білім бөлімінде фильмотека директоры болып бастаған. Кейіннен Жеқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданының мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын жалғастырған. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Музейдегі жұмысын экскурсовод ретінде бастап, кіші ғылыми қызметкер, музей директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Бірнеше ғылыми мақаланың авторы. Жезқазған қаласы әкімдігі, ҚР Мәдениет министрлігі тарапынан алғыс хаттар мен марапаттарға ие болған. 

2921 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper