Анонс


Ақтөбеде облыстық тарихи-өлкетану музейі өртенді

Сейсенбі, 04 Қазан 2016 23:35
Ақтөбеде облыстық тарихи-өлкетану музейі өртенді KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбеде облыстық тарихи-өлкетану музейі өртенді, деп хабарлады КТК арнасы.

От құнды жәдігерлер сақталатын қордан шыққан. Ең қызығы бұл мәдени нысанды былтыр өрт сөндірушілер сотқа беріп, жауып тастаған еді.

Сол уақыттан бері мұнда келушілерді кіргізбеген. Қызметкерлері тек көшпелі көрме ұйымдастырумен жүрді. Жаңа ғимараттың құрылысы біткенше қордағы жүз мыңнан аса жәдігерді буып-түйіп жинап қойған екен. Түске таман қымбат суреттер тұрған тұс бықсып, жана бастапты. Сол сәтте дабыл жүйесі іске қосылған. Отты сөндіруге он шақты көлік бірден тартылды. Көк түтіннен олар ішке кіре алмай біраз әуреге түсті. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

 

Автор: Жаңалық Ахаш

2370 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper