Анонс


Астанада жаңа музей ашылады

Бейсенбі, 14 Шілде 2016 02:24
Астанада жаңа музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада жаңа музей ашылуы мүмкін. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің Бейбітшілік және келісім сарайында ашылған көрме жайлы таратқан ақпаратында жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Бейбітшілік және келісім сарайы директорының орынбасары Айдархан Әділбаевтың айтуынша, елордада балауыз мүсіндер музейін ашу жоспарда бар. Осы мақсатта қытайлық зауыттарға арнайы іссапар ұйымдастырылды, бұл мүсіндерді дайындау техникасымен танысуға мүмкіндік берді», - делінген ақпаратта.

Айта өтейік, Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында мультфильмдердің кейіпкерлері, актерлардың, тарихи тұлғалардың балауыздан жасалған мүсіндері көпшілік назарына ұсынылады. Көрмеге санкт-петербургтік балауыз портрет шеберлері дайындаған 40-қа жуық фигура қойылды. Көрме туралы фоторепортажды осы жердегі сілтемені басып көруге болады. 

2558 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper