Анонс


Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа музей ашылды Таңдаулы

Сенбі, 09 Шілде 2016 01:33
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа музей ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара су қоймасы жағасынан екі қабатты, заманауи үлгіде салынған жаңа музей ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыстық бюджеттен бөлінген 107 млн. теңгеге ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын музей құрылысы былтыр шілде айында басталып, осы жылғы шілдеге дейін «Жер-Су-Жол-Сервис» ЖШС-мен жүргізіліп, уәделі мерзімде тапсырылды.

 Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары  Ж.Бөкенбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Айтөреев, аудан әкімі А.Абдуллаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.Аренова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа музей халықтың игілігіне қызмет көрсете берсін деген тілектерін айтты.

Құрылыс жұмысын өз дәрежесінде жүргізген «Жер-Су-Жол-Сервис» серіктестігінің бас инженері Қанат Ержігіт жаңа нысанның кілтін аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрлан Сымайыловқа салтанатты түрде табыс етті. Ғимараттың ашылу салтанатына куә болған еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары ел игілігіне беріліп отырған музей үйінің іші-сыртын аралап көрді», - делінген хабарламада. 

2746 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper