Анонс


Астаналық суретші қала ортасынан ерекше музей салуды ұсынды Таңдаулы

Сенбі, 28 Мамыр 2016 00:55
Астаналық суретші қала ортасынан ерекше музей салуды ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

Астаналық суретші суретші Боз Жеңісбекұлы қала орталығынан «Алтын бесік» кешенін салуды ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.

«Алтын бесік» кешені 3 қабаттан тұрады, 1-қабат қазақтың жартылай киіз үйі  пішіндес. Онда үйдің ішкі интерьері және бесікке салу рәсімі бейнеленеді. 2-қабатта шағын музей, салт-дәстүрден  мағлұмат беретін кітапхана, ұлттық дәс­түрді ұлықтаған суретшілер картиналары,  кабинеттер орналасады. Ал, 3-қабатта  салт-дәстүрді өткізу  залдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, отау құрған жастарға ақ жол тілеп, бата беретін орындар ұлттық стильде безендіріледі. Сондай-ақ, түбек іспеттес шынылы лифті арқылы отау құрған жас­тар жоғарғы қабатқа көтеріледі.

Кешеннің сыртқы ою-өрнектері автордың нобайымен өзгертіледі және «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Сүйінші» және  тағы басқа да ұлттық рәсімдерге байланысты рельефтік мүсіндермен, оюлармен өрнектеледі.

«Алтын бесік»  ұлттық  кешен ретінде тәрбиенің іргелі орталығына айналып, онда «Бесікке салу», «Ат қою», «Тұсау кесу», «Сүндетке отырғызу» жә­не басқа да ұлттық тәрбиеге қатысты ар­найы кабинеттер болады. Орталықта халық дәстүрін терең білетін педагогтар, этнограф ғалымдар  еңбек етіп, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болып өсуіне өз үлесін қосады.  Ұлттық кешен тек тәрбие орталығы ғана емес,  Астана қонақтарына, шетелден келген туристерге қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын, ұлттық қазынамызды шетелдіктерге таныстырып, ұлықтайтын  алтын қазыққа айналар еді,  – дейді Боз Кенжеахметов.

Автордың «Алтын бесік» туралы әңгімені «айналар еді» деп аяқтайтын да себебі бар. Өйткені, арман-идеяның жүзеге асуы қазіргі кезде қиындау болып тұр. Қаржы қолбайлау. Инвестор керек...

 

Материал «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Астананың алтын арқауы» атты мақаладан қысқартылып алынды. Авторы – Ғабит Іскендірұлы. Фото: «Егемен Қазақстан» газеті.

 

 Инстаграмдағы парақшамыз: @kazmuseum.kz

3632 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper