Анонс


Батыс Қазақстан облыстық музейінің жаңа филиалы ашылды

Сенбі, 28 Қараша 2015 22:48
Батыс Қазақстан облыстық музейінің жаңа филиалы ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық филиалы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі «Жайық-Пресске» сілтеме жасап.

«Бүгінгі ресми түрде ашылғалы отырған музейдің орны ерекше болары сөзсіз. Бұған дейін қоғамдық негізде жұмыс істеп келген музей арнайы мәртебеге ие болды. Енді бұл музейдің ұжымы, өлкетанушыларымыз бен тарихшыларымыз ел тарихын жинақтауда, ұрпақ жадына елжандылықты сіңіруде толассыз еңбек етеді деген үміттемін,»-дейді БҚО музейінің директоры Мирболат Ерсаев.  

Жаңадан ашылған филиалдың меңгерушісі болып Мереке Қайдаров тағайындалды.

Сонымен қатар, облыстық музей директоры жаңадан ашылған филиалдың басшысы Мереке Жұмабайұлының алдына қойылған міндеттерді абыройлы атқаратынына сенім білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев те Мереке Қайдаровтың жаңа қызметіне толағай табыстар тілеп, музейдің кейінгі жас ұрпақтың өткен тарих тағылымын жан-жақты танып білуіне үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.

2606 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper