Анонс


Мемлекеттік хатшы Алматының музейлерін аралап көрді (ФОТО) Таңдаулы

Сенбі, 14 Қараша 2015 23:00
Мемлекеттік хатшы Алматының музейлерін аралап көрді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыға сапары кезінде қаладағы бірқатар музейлерді аралап көрді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған іс-шаралар аясында Г.Әбдіқалықова Орталық мемлекеттік музейде, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде болып, музейлердің жай-күйімен, көрмелермен және заманауи экспозициялармен танысты және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Мемлекеттік хатшы Алматы қаласына жұмыс сапарының соңында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын-аудармашы, түркітанушы Ахмет Байтұрсыновтың музей-үйінде болды.

 

Фото: Ә.Қастеев музейінің әкімшілігінен. 

 

2227 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper