Анонс


Алматыда салынатын музейдің жобасы 2016 жылы бекітіледі Таңдаулы

Сейсенбі, 03 Қараша 2015 18:33
Алматыда салынатын музейдің жобасы 2016 жылы бекітіледі KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыда салынатын халықаралық деңгейдегі музей құрылысының жобасы 2016 жылы бекітіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Музей салынатын орын ретінде қаладағы «Нұр-Мүбәрак» ислам орталығының аумағынан жер телімі қарастырылған.

Жобаның құны мен мердігерлердің есімі әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта испандық архитектор Карлос Ферратердің жетекшілігімен жобаның тұжырымдамалық бөлігі таныстырылды.

Айта өтейік, қазан айының соңында Алматының Қала құрылысы кеңесі Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі музей салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын. «Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздейді.

2255 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper