Анонс


Қазақстанда Эрмитаж музейінің күндері өтеді Таңдаулы

Бейсенбі, 22 Қазан 2015 02:14
Қазақстанда Эрмитаж музейінің күндері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлімдеді.

 «Мемлекеттік Эрмитаж және ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен келісім аясында біздің елімізде алғаш рет «Эрмитаж күндері» өтеді. Бұл оқиға Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр», - деді ол.

Эрмитаж күндері бағдарламасында дәрістер, шеберлік-сыныптары, музей саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою секілді шаралар қамтылып отыр.

Министрдің орынбасарының айтуынша, сонымен қатар ресейлік танымал ғалым, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский елімізге келмек, деп жазады ҚазАқпарат. 

5039 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper