Анонс


Жеңімпаздар «Қазақстанның археологиялық алтыны» залын тамашалайды

Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2015 11:06
Жеңімпаздар «Қазақстанның  археологиялық алтыны» залын тамашалайды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан халқының тілдер мерекесіне арналған  «Тіл – ұлт мәдениетінің қазынасы» атты іс-шара өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан халқының тілдер мерекесініңшеңберінде, екінші жыл қатарынан, мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған «Тіл-ұлт мәдениетінің қазынасы»атты іс-шара өткізіп келеді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен тарихқа деген  құрмет сезімін тәрбиелеу, сонымен қатар қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге көмек көрсететін заманауи оқу бағдарламаларымен, әдістемелер және оқу құралдарымен таныстыру.  Аталмыш іс-шара барысында музей холлында баспалар мен кітап дүкендері («Ақпарат-Ата», «Арыс», «Өнер», «Абзал-Ай») өздері шығарған оқу-әдістемелік өнімдерін сатылымға қояды. Лингвистикалық орталықтар («Level Up education», «ЕШКО» корреспонденттік оқу-әдістемелік еуропалық мектебі) қазақ тілін үйретудегі әдіс-тәсілдерін көрсетеді.  

 Музей қызметкерлері  мектеп оқушыларына бірнеше кезеңдерден тұратын біліми жоба дайындады. Жобаға «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған  мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемеснің, №28 лицей, №30 мектеп-гимназия, №100, №77 мектеп оқушылары қатысады. Оқушылар біліми жарыс барысында қазақ тілі бойынша өздерінің білімдерін көрсетіп, келушілерді концерттік бағдарламаларымен қуантады. Сонымен қатар жарыс барысында оқушылар Қала күніне орай ұйымдастырылған тапсырмада өздері тұратын қаламыздың тарихын қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді.  

Біліми жобаның қатысушылары музей атынан дипломдармен марапатталып,  кәдесыйларға ие болады.  Бірінші орынға ие болған топ ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Ашық қор - Қазақстанның  археологиялық алтыны» атты бірегей залының  экспозициясымен танысады.  

Аталған шара 25 қыркүйек күні сағат 11.00-де басталады.

                 

2557 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper