Анонс


Ұлттық музей өнерге қатысты жаңа жобаны таныстырды

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 15:50
Ұлттық музей өнерге қатысты жаңа жобаны таныстырды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің бейнелеу өнері мұрасымен таныстыруға бағытталған «Өнерге қол жеткізу» атты музейлік жоба таныстырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Жобаның мақсаты – халықты бейнелеу өнері саласымен таныстырып, өнер туындыларының көшірмелері арқылы халық шығармашылығына қызығушылықты қалыптастыру.   

Аталған жоба мәдениет, бейнелеу өнерінің дәстүрлерін, ұлттық, мәдени бірегейлікті сақтауға және оны дамытуға, әйгілі қазақстандық суретшілердің туындыларының көшірмелері арқылы халық шығармашылығын сақтауға бағытталған.    

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі осы бағытта жұмыс жүргізуде, ал жоба әрі қарай рухани мұраны сақтауға, мәдени құндылықтарды дәріптеп, шығармашылық қарым-қатынас жасауға өз үлесін қосады. Сонымен қатар шығармашылыққа жағдай жасап, қоғамда рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және мәдени дәстүрлерге қызығушылықты ояту және оны дамыту көзделген.      

Атап өтсек, жоба «Astana ART» бейнелеу өнері студиясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. «Astana ART» студиясы өз қызметі арқылы өнерге, шығармашылыққа, эстетикаға және көркемөнерге қызығушылықты арттырып, кескіндеме мен графиканың негізін үйретеді.    

Жоба көркемөнер шығармаларының мағынасы мен негізін ескере отырып, Өнер әлемінің көкжиегін кеңейтеді және шығармашылыққа жол ашатын алтын көпір іспеттес.

1059 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper