Анонс


Жезқазған қаласының қысқаша тарихы

Дүйсенбі, 03 Қыркүйек 2018 00:00
Жезқазған қаласының қысқаша тарихы KAZMUSEUM.KZ -  

Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

- 1772 жылы капитан Н.Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатынан күнделік жазбалары кітап болып шыққан, онда Ұлытау өңіріндегі (қазіргі Жезқазған аймағы) мыс кен орны туралы тұңғыш жазылған;

- 1847 жылы орыс өнеркәсіпшісі Н.Ушаков Жезқазған мыс кен орнын ресми тіркетті;

- 1912 жылғы желтоқсан айында «Спасские медные руды» акционерлік қоғамыныңың жиналысы мыс кені негізінде мыс қорыту зауытын және байыту фабрикасының құрлысын бастау жөнінде қауылы қабылдады;

- 1925 жылғы 10 маусымда «Атбасцветмет» тресі құрылып, оның құрамына Қарсақбай мыс зауыты, Байқоңыр көмір ошағы және қазіргі Жезқазған мыс кеніші кірді;

- 1928 жылғы 19 қазанда Қарсақбай бірінші мыс балқымасы алынды;

- 1929 жылы Қ.И.Сәтбаев «Атбасцветмет» тіресінің геологиялық барлау бөлімінің бастығы және бас геологы болып тағайындалды. Ол 1934 жылы Москвада КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасы ғылыми кеңесінің Үлкен Жезқазғанның мәселелеріне арналған сессиясына қатысты;

- 1936 жылғы 25 наурызда КСРО Ауыр Өнеркәсіп Халық коммиссары С.Орджоникидзе «Жезқазған мыс қорыту комбинатының құрлысы туралы» бұйрыққа қол қойды;

- 1937 жылдың қараша айында кең табанды темір жол Жезқазғанға дейін салынды;

- 1954 жылғы 20 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Жезқазған қаласы құрылды;

- 1960 жылғы 8 желтоқсанда Жезқазған телевизия студиясы жұмыс істей бастады;

- 1961 жылдың көктемінде Жезқазғанда ССР Ғылым Академиясының, республика геология және жер байлығын қорғау министрлігінің, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің және Жезқазған кен-металлургия комбинатының біріккен сессиясы болды;

- 1963 жылы Жезқазғанда екінші байыту фабрикасы іске қосылды. 1964 жылдың наурыз айында Жезқазған кен-металлургия зауытына академик Қ.И.Сәтпаевтің есімі берілді;

- 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды;

- 1997 жылдан бастап Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала статусына ие.

Қала туралы қосымша деректер

Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 97,3 мың адамды құрады. Қалада «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық мемлекеттік кәсіпорны», Түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық әуежай,  Жезқазған университеті, Ботаникалық бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 музей, мен театр және тағы басқа мәдени мекемелер бар.

5868 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper