Анонс


Музеолог ғалымға мемлекеттік стипендия берілді

Сейсенбі, 11 Желтоқсан 2018 01:51
Музеолог ғалымға мемлекеттік стипендия берілді KAZMUSEUM.KZ -  

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің проректоры, музеолог-ғалым Ибраева Ақмарал Ғосманқызына ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығымен мемлекеттік ғылыми стипендия берілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақмарал Ғосманқызы - «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» және «Ғылыми қазына» тәрізді мемлекеттік бірнеше бағдарламаның қатысушысы. «Қазақстандағы музей ісі: құрылу кезеңдері, дамуы және болашағы»  жобасының авторы. ҚР Білім беру ісінің тарихы музейі, ҚР Тұңғыш Президенті музейі тәрізді республикалық музейлердің тұжырымдамасын дайындауға қатысқан. «Scopus» және «Thomsen Reuters» рейтингтеріне жататын журналдарда бірнеше мақаласы жарық көрген. Музей саласындағы бірнеше әдістемелік құралдардың авторы.

Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қоры Ақмарал Ғосманқызының ғылым саласындағы жетістігін жоғары бағалап, шығармашылық табыстар тілейді.

2322 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper