Анонс


Музей саласын басқаратын департаментке жаңа басшы тағайындалды Таңдаулы

Сенбі, 05 Мамыр 2018 00:57
Музей саласын басқаратын департаментке жаңа басшы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жоламанов Әбіл Тауфикұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болып тағайындалды. Аталған департамент еліміздің музей, театр және кітапхана саласына басшылық жасайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Әбіл Тауфикұлы Жоламанов 1970 жылы дүниеге келген. 1992 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тарихшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Жымпиты орта мектебінің тарих және қазақ тілінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бастады.

1994-1999 жылдар аралығында Сырым ауданы әкімі аппаратының жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1999-2000 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдар аралығында Сырым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Сырым аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болды. 

2008-2014 жылдар аралығында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып қызмет атқарды. 

2014 жылы шілде-қараша аралығында «Батыс Қазақстан Облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚҚ директоры болып жұмыс істеді. 

2015-2017 жылдар аралығында Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшы орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, медалімен марапатталған.

3296 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper