Анонс


Қарағандыдағы музейді су басып, құнды экспонаттары бүлінді

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 04:26
Қарағандыдағы музейді су басып, құнды экспонаттары бүлінді KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағандыдағы бейнелеу өнері музейін су басып, қордағы 50-ге жуық құнды картина бүлінді, деп хабарлады «Хабар-24» арнасы.

Музей көпқабатты тұрғын үйдің астында орналасқан. Мамандардың айтуынша, сондағы құбырлардың бірі жарылған. Қазір арнайы құрылған комиссия апаттың себеп-салдарын анықтап, келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр. Бүлінген картиналар арасында Карлагта болған суретшілердің де еңбектері бар. Қызметкерлер мұндай жағдай қайталанбау үшін музейді жеке ғимаратқа көшіруді сұрап отыр.

«Біз әлі де болса мәселенің шешімін табатындығына сенеміз. Бұл – уақытша қиындық. Ел мұрасы, рухани мұраны жергілікті басшылар да, Үкімет те назардан тыс қалдырмайды деген ойдамыз», -деді облыстық бейнелеу өнері музейі директорының орынбасары Темірғали Әшірбеков.

 

2310 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper