Анонс


Отандық суретшілер қоғамды толғандыратын сұрақтарға жауап береді Таңдаулы

Дүйсенбі, 23 Қаңтар 2017 01:46
Отандық суретшілер қоғамды толғандыратын сұрақтарға жауап береді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына, Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған Қазақстан Суретшілер одағының республикалық көрмесіне арналған дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Суретшілер одағы атаулы күндерге арналған өзінің шығармашылық қызметін қорытындылайды. Үздік туындылар Мәдениет және спорт министрлігінің сыйлықтарымен, ҚР Суретшілер одағының медальдарымен марапатталады.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде «заманауи Қазақстанның өнері қалай дамып жатыр? Қазақстандық суретшілерді қандай тақырыптар толғандырады?  Қазіргі заман суретшілері қандай жанрда жұмыс істейді?  Заманауи коллекционерлер арасында қандай жұмыстар сұранысқа ие?»  атты тақырыптар кеңінен талқыланады.  

Аталған шара музейде 2017 жылғы 27 қаңтарда сағат 15.00-де басталады. 

2804 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper