Анонс


Тұңғыш Президент Музейі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дөңгелек үстел өткізеді

Сенбі, 26 Қараша 2016 03:24
Тұңғыш Президент Музейі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дөңгелек үстел өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 2016 жылғы 28 қарашада сағат 10.00-де  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты «дөңгелек үстел» өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруы, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен келешегі, халықаралық аренадағы ғаламдық жетістіктердің өзекті мәселелерін талқылау.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, Астана қ. оқу орындарының қоғамдық пәндер оқытушылары қатысады.

 

2395 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper