Анонс


Ұлттық музей «Қобыз сарыны» атты лекция-концерт ұйымдастырды

Сәрсенбі, 23 Қараша 2016 13:55
Ұлттық музей «Қобыз сарыны» атты лекция-концерт ұйымдастырды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қобызшы Раушан Оразбаеваның «Қобыз сарыны» атты лекция-концерті өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Концерттің мақсаты – бүгінге дейін қаймағы бұзылмай жеткен қазақтың қобызшылық өнерін, оның өкілдері мен шығармаларын қалың көпшілікке кеңінен насихаттау.

Шара барысында  қонақтарқобызшы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Раушан Оразбаеваның дәрісін тыңдап, Астана қалалық № 1 музыка мектебінің «Қобыз-Рух» ансамблінің өнерін тамашалады.

Раушан Оразбаева әлемнің көптеген елдеріне барып, көнеден келе жатқан дәстүрлі аспабымыз – қобызды насихаттап жүр. Оның айтуынша шетелдіктер қобыздың тарихы мен қоңыр үніне ерекше қызығушылық танытатын көрінеді. «Қобыз әуендеріндегі сарын көне заманнан бүгінге дейін өзінің өзегін сақтап келген. Сәйкесінше, әр күйде негізгі сарын болады. Міне осы негізгі сарын еш уақытта өзгермейді. Ал осы негізгі сарынның айналасында әр орындаушының өз жанынан қосып, әрлеп, дамытуы нәтижесінде кобыз күйлері түрленіп отырады, – дейді Раушан Оразбаева.   

  Аталған шара «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты музейлік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

2628 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper