Анонс


Ұлттық музей қонақтары КСРО-ға еріксіз көшірілген 3 мың баланың тағдырымен таныса алады Таңдаулы

Сәрсенбі, 07 Қыркүйек 2016 22:18
Ұлттық музей қонақтары КСРО-ға еріксіз көшірілген 3 мың баланың тағдырымен таныса алады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Ұлттық музей мен Испанияның Қазақстандағы елшілігі  бірлесе ұйымдастырған  «Соғыс балалары» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аталған көрме Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және  екі мемлекет арасында жоспарланған екі жақты ынтымақтастық аясындағы шаралар циклын ашады. 

Құжаттар, естеліктер, хаттар мен жеке жазбалар, фотосуреттер және мұғалімдердің мәлімдемелері сынды құнды деректерден топтастырылған көрме – Мәскеудегі Испан орталығының, «Мұрағат, Соғыс және Саяси миграция» ассоциациясының» және оның Бас хатшысы Долорес Кабра ханымның, «Аңсау» қорының, Каталония Ұлттық мұрағатының және көрме жетекшісі Хуан Барсело сынды бірқатар тұлғалардың ұзақ мерзімдік зерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Көрме Испанияның жаңа тарихының қайғылы оқиғаларын, ондағы  Азаматтық соғысты  көрсетеді және испан балалары мен олардың ұрпақтарының шиеленісті тағдырына арналған. Соғыс, махаббат пен өшпенділік, айрылысу мен қайта қауышу тақырыбы осы кезде де ерекше өзекті болып табылады. 

1936 жылдың екінші жартысында Испанияның отқа оранған Кастилия және Андалусия қалаларынан Кеңестер Одағына 3000-дай испандық бала көшірілді және оларға арнап 15 балалар үйі ашылды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде есейген осы балалар кеңестік әскерилермен бір сапта фашизмге қарсы күресті. Ленинградты қорғау және блокада кезінде 300 испандық жауынгер қаза тапты.

Мыңдаған испандық балалардың тағдырына арналған «Соғыс балалары» көрмесі 8 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

2016 жылғы 9 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кіші мәжіліс залында баспасөз  конференциясы өтеді. Конференцияға  тарихшы Луиза Иордаче ханым, «Мұрағат, Соғыс және Саяси миграция» ассоциациясының» бас хатшысы Долорес Кабра ханым және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Бас директоры Марат Әбсеметов мырза қатысады.

3802 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper