Анонс


Шымкентте суретшілер симпозиумы өтіп жатыр (ФОТО)

Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 03:13
Шымкентте суретшілер симпозиумы өтіп жатыр (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Шымкенттегі Бейнелеу өнері музейінің базасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дархан далам» суретшілер симпозиумы өтуде, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Симпозиумның алғашқы күнін Шымкент қаласының көрікті орындарынан бастап, кескіндемелік жұмыстар жазды. Симпозиумға республика өңірлерінен өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер шақырылды. Атап айтқанда: Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, орал, Қызылорда, Тараз, Семей және Оңтүстік Қазақстан облысынан барлығы 22 суретші қатысып отыр. Барлығы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, ҚР Көркем академиясы және Суретшілер одағының мүшелері мен ҚР Мәдениет қайраткерлері», - делінген хабарламада.

2482 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper