Анонс


Қазақтар туралы танымал картиналар аукционға шығарылады

Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 00:33
Қазақтар туралы танымал картиналар аукционға шығарылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі «BonArt» халықаралық аукцион үйімен бірлесіп 13-28 мамыр аралығында «Бейнелеу және cәндік-қолданбалы өнері» атты аукцион өткізеді. Жалпы сатылым 29 мамыр күні сағат 16.00-де басталады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Көрмеде XIX-XX ғасырдың кескiндеме мектебінің шығармалары, оның ішінде ХVIII-XIХ ғ. қазақтардың өмірі, тұрмысы және киімдері бейнеленген нақыштар, және Орта Азия аймағының XVII-XIX ғ.карталары ұсынылды.

«BonArt» аукцион үйінің жаңа коллекциясының ең қызықтысы Николай Каразиннің1897 ж. салынған және дәстүрлі қазақ жанұясы балаларымен бейнеленген туындысы болып табылды. Аукционның топ лоттарының бірі – үлкен коллекцияда сирек кездесетін Түркістан сериясынан Степан Колесниковтыңтуындысы (И. Репин және К. Маковскийдің оқушысы). «BonArt» аукцион үйінің 10-шы сауда-саттығынның топ лоттарының ішінде белгілі суретші Рихард Зоммердің қазақстандық коллекия жиюшылар арасында ерекше танымал болған екі еңбегі бар. Екеуі де 1900 жылдары салынған ислам сюжетін көрсетеді.

Қазақстан суретшілерінің  кескіндеме туындыларының ішіндегі ерекше назар аударуға лайықты ең дарынды ұсталарының бірі Салихитдин Айтбаевтың «Жайлау» (1993 ж.) атты туындысы.

Көрмеге келушілер Әбілхан Қастеев, Молдахмед Кенбаев, Гульфайруз Исмаилова,  Евгений Сидоркин, Жаңатай Шарденов, Айша Галимбаева,  және т.б. дарынды суретшілердің туындыларын да тамашалай алады.  

 

3205 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper