Анонс


«National Geographic Қазақстан» журналының ұжымы Ұлттық музейде кездесу өткізді (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2016 15:18
«National Geographic Қазақстан» журналының ұжымы Ұлттық музейде кездесу өткізді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай отандық және АҚШ ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Жиынның ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай аталмыш журналдың жұмыстарын елімізде жүргізіп отырған азаматтарға алғыс білдіре келе, басылымның маңыздылығы туралы айтып өтті.

«National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне Елбасының өзі көңіл аударып, жоғары баға берген болатын. Сондықтан да осы істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс білдіргім келеді. Әлем бойынша 700 млн аудиториясы бар бұл басылым біздің елімізді жаһанға танытып қана қоймай, туристердің қызығушылығын да оятады деп ойлаймын. Сол себепті де біз екіжақты әріптестік орнатып, әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Д.Мыңбай.

«National Geographic»қоғамдық зерттеу бағдарламалары вице-президенті Александер Моен Ұлттық музей көрсеткен қолдауларға алғыс айта келе, «National Geographic»журналының атқарып келе жатқан басты миссиясына тоқталып өтті.

-Қазақстан Ресбуликасы Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай мырза қарсы алып, арнайы экскурсияның нәтижесінде Қазақ елінің терең тарихымен, бай мәдениетімен кеңінен танысып, ерекше әсер алып шықтық. «National Geographic» журналының басты міндеті жазушылардың, ғалымдардың жұмыстарын жариялау арқылы қоршаған ортаны тану және оны қорғау болып табылады. Қазақстан тарапы бізбен бірігіп, әріптестік орнатып жатқанына қуаныштымыз. Орталық Азияда әлі де болса айтылмай жатқан дүниелер жетерлік. Алдағы уақытта осы жұмыстарды атқару үшін үлкен мақсаттар қойып отырмыз, - деді А.Моен.

Екі дүркін Пулицер сыйлығының иегері, белгілі жиһанкез Пол Салопек Ұлттық музейдегі адамзат тарихының құнды жәдігері болып табылатын сирек экспонаттардың сақталу, насихатталу жұмыстарына жоғары баға бере келе, «Әлемдік серуен» жобасына тоқталып өтті.

-Ұлттық музейдің залдарын аралай келе, үлкен әсер алып шықтық. Мемлекет барлық жағдайды жасап отыр екен. Бұл құптарлық саясат деп ойлаймын. Мен қазіргі уақытта«Әлемдік серуен» жобасы аясындажүз мың жыл бұрын ата-бабаларымның табаны тиген жолдармен жүріп келемін.Саяхатымды 2013 жылы қаңтар айында Эфиопия елінен бастадым. Осы жолда кездескен адамдардан естіп-білген әңгімелерді жазып, кейін оның бәрін ғылыми еңбек үшін пайдаланамын, - деді П.Салопек.

Сонымен қатар, жиын барысында тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көріп жатқан «National Geographic Қазақстан» журналы мен беделді басылым қозғайтын география, археология, антропология салаларындағы соңғы жаңалықтар сөз етілді. 

2389 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper