Анонс


Ұлттық музейде «Шын жүректен» атты мерекелік іс-шара өтті (ФОТО) Таңдаулы

Сейсенбі, 08 Наурыз 2016 04:28
Ұлттық музейде «Шын жүректен» атты мерекелік іс-шара өтті (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде  8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Шын жүректен» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов әр салада үздік деп танылған әйел азаматтарды құттықтап, шығармашылық жұмыстарына үлкен табыстар тіледі.

Сіздерді бүгінгі көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы мереке көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әйел адамдардың қуанышы Отанымыздың мерейі. Осынау біздің ыстық лебізімізді қабыл алыңыздар, - деді Ж.Таймағамбетов.

 Салтанатты шарада30 жылдан астам уақыт музей саласында қызмет атқарып келе жатқан Тұрсынкүл Жайлаубаева,  40 жыл музей саласында қызмет еткен Сағымжан Садуақасова, Ұлттық музей директорының орынбасары Жазира Күлбаева, "Юнус Эмре" атындағы түрік мәдени орталығы директорының міндетін атқарушы, ф.ғ.д., профессор Алмагүл Исина,«Алтын алқа» иегерлері Ұлданай Алимбаева, Бақыт Күзембаева секілді еңбегімен елге танылған және отбасыларының мерейін асырып жүрген әйелдер қауымына ҚР Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбайдың атынан алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік дөңгелек үстелден кейін арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Отандық әншілермен қатар Ұлттық музейде қызмет етіп жүрген ер азаматтар өз өнерлерін көрсетті.

 

 

2885 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper