Анонс


Ұлттық кітапхана 2016 жылы жалпыхалықтық деңгейде оқуға ұсыныс беру үшін комиссия отырысын өткізді

Жұма, 19 Ақпан 2016 14:42
Ұлттық кітапхана 2016 жылы жалпыхалықтық деңгейде оқуға ұсыныс беру үшін комиссия отырысын өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Астанада "Бір ел - бір кітап" акциясының Республикалық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Комиссия назарына 2016 жылы жалпыхалықтық деңгейде оқуға ұсыныс беру үшін 10 кітап ұсынылды:
1. Ə.Кекілбаев
2. М.Мақатаев
3. О.Сүлейменов
4. Ғ.Мүсірепов
5. Ж.Жабаев
6. Ə.Нұрпейісов
7. Б.Момышұлы
8. Т.Ахтанов
9. С.Мұқанов
10. М.Əуезов
Комиссия құрамында Ұлттық кітапхана директоры, профессор Үмітхан Мұңалбаева, проф.Ғарифолла Есім, ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы, ақын Несіпбек Айтұлы, ақын Серік Сейітман, Шəріп Амантай, Ақайдар Ысымұлы, Камал Бурханов, Сауытбек Абдрахманов, Нұржан Жалауқызы, Сапарғали Медеубеков, Серғазы Белгібайұлы, Нұржамал Мырзамұратова, Дина Аманжолова тəрізді ғалымдар мен ақындар, кітапханашылар, БАҚ басшылары болды.
Ақылдаса келе, комиссия мүшелері ақын Несіпбек Айтұлының ұсынысы бойынша тізімге 11-ші етіп Дулат Бабатайұлын қосты. Осы 11 кітап дауысқа салынып, қорытындысы төмендегідей болды: 
1. Д.Бабатайұлы (9 дауыс);
2. Ə.Кекілбайұлы (4 дауыс);
3. Ж.Жабаев (1 дауыс). 
Нəтижесінде 2016 жыл Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналатын болды. 
Комиссия дауыс беру нəтижесіне мынадай түсініктеме берді:
1. Биыл, 2016 жылы Д.Бабатайұлының 215 жылдығы өтеді. Ақынның насихаты өте аз. Абайға ұстаз, М.Əуезов тəрізді заңғар жазушының кейіпкері болған ақын бұл құрметке лайық;
2. 2019 жылы Ə.Кекілбайұлының 80 жылдығы өтеді. Сондықтан, 2019 жылды Ə.Кекілбайұлының шығармашылығына арнау керек. "Халық Əбішті сағынып оқысын", - деп түйіндеді отырысқа қатысушылар.

 

4483 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper