Анонс


Павлодарлық көркемсурет музейі жергілікті авторлардың шығармашылығына ден қоймақ

Сәрсенбі, 13 Қаңтар 2016 23:33
Павлодарлық көркемсурет музейі жергілікті авторлардың шығармашылығына ден қоймақ KAZMUSEUM.KZ -  

Павлодар облыстық көркемсурет музейі алдағы уақытта жергілікті авторлардың шығармашылығына баса назар аудармақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ведомствоның көрме ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Мая Құсайынова мәлімдеді.

- Қаңтар айында Жанетта Нурызова мен оның шәкірттерінің «Жаңа жылдық қиял ғажайыптар» атты көрмесі өтеді. Ал, жыл барысында Валерий Шпиева мен Майса Ықыласованың мерейтойлық көрмелері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Алексей Балин, Павел Лысенко мен Жамкен Серікбаев сынды шеберлердің көрмелерін өткізу жоспарда бар, - деді М. Құсайынова. М. Құсайынованың айтуынша, музйдің жылдық жоспарына үнемі өзгерістер енгізіліп отырады. Сондықтан 2016 жылы шет елден Павлодарға қандай суретшілер келетіні әзірге белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Костас Асимистің (Греция) және Джанни Форабочидің (Италия) туындылары павлодарлықтардың назарына ұсынылған болатын.

Бейбіт Құрметбекұлы

2507 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper