Қазақстан суретшілерінің еңбектері Грекияда көрмеге қойылды (ФОТО)

Бейсенбі, 07 Тамыз 2014 22:34
Қазақстан суретшілерінің еңбектері Грекияда көрмеге қойылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 7 тамыз. BAQ.KZ – Грекияның «The Olive Museum of Pelion» музейінде Қазақстан туралы көрме өтуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Грецияның Ано Гатзеа қаласында (Пелион аумағы) «Exploring Kazakhstan» («Қазақстанды ашудамыз») атты фотокөрме ашылды. Бұл көрме «The Olive Museum of Pelion» жеке меншік аумақтық музейінің бастамасымен Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің қолдауымен өткізілуде.

Көрменің ашылу рәсіміне аумақтық билік басшылығы, іскер топтар, БАҚ өкілдері және жергілікті тұрғындар келді. Алдағы күндері көрмеге халықаралық туристер көптеп келеді деп күтілуде.

Экспозиция Қазақстанның елордасы – Астанаға, мәдени орталығы – Алматыға және еліміздің табиғатына арналады. Көрменің басты мақсаты ретінде жергілікті тұрғындар мен туристерге Қазақстан мен оның табиғи сұлулығын, еліміздің халықаралық бастамаларын көрсету жоспарланған. Оның ішінде 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен «EXPO» халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу ісі де кеңінен көрсетілген. 

Айта өтейік, Қазақстан және Грекия арасындағы екі жақты қарым-қатынастар халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша қарама-қайшылықтардың жоқтығымен сипатталады. Бүгінгі таңда екі елдің шарт-құқықтық базасын одан әрі кеңейту бойынша тараптар жұмыстар жүргізуде. Пысықтау сатысында туризм, салық салу және қылмысқа қарсы күрес, т.б. облыстардағы ынтымақтастық туралы бірнеше үкіметаралық келісімдер бар. Көрмеге осы достық қатынастар арқау болған. 

Аталған шара  тамыз айының соңына дейін жалғасады.

 

2203 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper