Лувр музейі жұмыс істеуін уақытша тоқтатты

Сенбі, 14 Қараша 2015 22:39
Лувр музейі жұмыс істеуін уақытша тоқтатты KAZMUSEUM.KZ -  

Лувр музейі Париждегі терактілерге байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің сайтына сілтеме жасап.

Париждегі қайғылы жағдайға байланысты Францияда үш күн бойы қаралы күн жарияланды. Осыған байланысты елдегі бірнеше мәдени орындар жұмыс істеуін уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Лувр, Версаль музейлері мен париждік Диснейленд және Эйфель мұнарасы да бар.

Айта өтейік, қарашаның 13-і күні (Астана уақытымен 14-ші қараша күні) Париждегі ресторандардың бірінде атыс болып, соңынан қаланың үш жерінде жарылыстар болған. Салдарынан 127 бейбіт тұрғын қаза тауып, 205-ге жуық адам ауыр жарақаттанған.   Францияның бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан деректерде «жарылыстарды «ИШИМ» содырлары ұйымдастырды» деп хабарлаған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: EPA/ETIENNE LAUREN

984 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper